$ 447.4  477.55  4.76

Астанада жаңа теміржол вокзалының ашылуына байланысты автобус бағыттары өзгереді

«Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалын іске қосуына байланысты, автобустардың қозғалысын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылдың 1 маусымынан бастап № 2, 14, 32, 48, 50 қалалық маршруттардың жүріс сызбасы ұзартылатын болады деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

№ 2 бағдар

Бастапқы «Бал-бала» балабақшасы аялдамасынан «Бастөбе көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Шарбақты көшесі – теміржол вокзалына дейін жол – «Нұрлы жол» вокзалы» аялдамасы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 14 бағдар

Бастапқы «Теміржол вокзалы» аялдамасынан «Әзірет Сұлтан» мешіті» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Тәуелсіздік даңғылы – Ж.Нәжімеденов көшесі - «Нұрлы жол» вокзалы» аялдамасы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 32 бағдар

Бастапқы «Бал бала» балабақшасы» аялдамасынан «Ж.Нәжімеденов көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Ж.Нәжімеденов көшесі - Қ.Аманжолов көшесі – А.Байтұрсынов көшесі - «Нұрлы жол» вокзалы». Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 48 бағдар

Бастапқы «Теміржол вокзалы» аялдамасынан «Ақмола құрылыс» ЖШС» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Шарбақты көшесі - теміржол вокзалына дейін жол – «Нұрлы жол» вокзалы». Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 50 бағдар

Бастапқы «Бал бала» балабақшасы» аялдамасынан «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Мәңгілік ел – М 3 көпірі - Ш.Қалдаяқов көшесі – Тәуелсіздік даңғылы - Ж.Нәжімеденов көшесі - «Нұрлы жол» вокзалы». Кері қарай осы сызба бойынша.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары