$ 444.32  473.33  4.76

Алматы облысының бюджетіне өзгерістер енгізілді

мәслихаттың кезекті XVI сессиясы өтті. Жиында «Алматы облысы мәслихатының «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-54 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» мәселесі қаралды. Жиында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асқар Қожабаев баяндама жасады.

Сессия барысында белгілі болғандай, нақтыланғаннан кейінгі облыс бюджеті 395 млрд. теңгені құрады. Енгізілген барлық өзгертулер облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға, мақсатты индикаторларға қол жеткізуге бағытталып отыр. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, сессия барысында облыстық қаржы басқармасының басшысы Болат Сәтбаев, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нұрсұлтан Әкежанов, облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы және тарифтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қанатхан Нүсіпов баяндама оқыды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары