$ 448.15  483.46  4.86

Алматы – Бішкек тас жолында жол апаты болып, 2 адам өртеніп кетті

16 маусымға қараған түні Алматы – Бішкек тас жолында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан өрт шығып, екі адам қайтыс болды деп жазады patrul.kz.

Сәбіз тиелген КамАЗ жүк көлігі мен Mitsubishi Galant жеңіл автокөлігі бетпе-бет соғысқан. Жол апатынан кейін Mitsubishi көлігі отқа оранып, оның жүргізушісі мен жолаушысы тірідей өртеніп кетті.

Оқиға түнгі сағат 01:30-да Алматы – Бішкек тас жолының 118-ші шақырымында орын алған. Алдын ала болжам бойынша, Mitsubishi Galant жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жүк көлігіне барып соқтығысыпты. Куәгерлер отты өздігімен өшіре алмаған. Өрт сөндірушілер жетемін дегенше жеңіл автокөліктің тек қаңқасы ғана қалыпты. Енді қайтыс болған адамдардың кім екенін анықтау қиынға түсіп отыр.

Жүк көлігінің жүргізушісі айтарлықтай жарақат алмаған және дәрігерлердің көмегінен бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары