$ 443.85  474.3  4.8

Астанадағы жағажайларды күзетуге өзге облыстардан құтқарушылар тартылды

Астанада ресми шомылу маусымы жыл сайын маусымның бірінен қыркүйектің бірі аралығында өтеді.

Бүгінгі күні қалада үш жағажай бар: орталық қалалық, Қояндыда және «Трех пескарей» ауданындағы жағажай.

– Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығы теңдессіз шараларды қолға алуда. Жағажайларда күн сайын сағат8:00 - 22:00 аралығында кезекшілік қойылған. Біздің құтқарушылардан бөлек, Қарағанды мен Ақмола облыстарының да қызметкерлері тартылды. Айталық, Қоянды жағажайын Ақмола облысының, ал қалалық орталық жағажайды Қарағанды облысының құтқарушылары бақылауға алған. Біз қаладағы барлық су тоғандарын қамтамасыз етеміз, рұқсат етілмеген орындарға шығамыз, халық арасында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, - дейді құтқарушылар.

Астана жағажайлары мен су тоғандарына жалпы 120 адам тартылған. Олардың 76-ы кәсіби құтқарушылар. Шомылу маусымы басталғалы бері Астанада 3 адам суға кетті. Олардың барлығы алкогольді ішімдік тұтынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары