$ 448.89  477.93  4.76

Португалияда орман өртінен 62 адам қайтыс болды

Португалияда орман өртінен 62 адам қайтыс болуына байланысты қаралы күн жарияланды. Табиғи апат елдің орталық аймақтарын шарпыған деп жазады RT.

Портал тілшілерінің хабарлауынша, адамдардың көбі көліктерінде қамалып, тірідей жанып кеткен. Соңғы дерек бойынша 62 адамның қайтыс болғаны белгілі. Дегенмен, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін дейді құтқарушылар. Ал, өрттен жараланған тұрғындар саны 60 адамға жетіп отыр. Олардың бәрі де Лейрия аймағының тұрғындары.

Өртпен күресуге жүздеген өрт сөндіруші мен 150 техника жұмылдырылған. Ел премьер-министрі Антониу Коштаның айтуынша, бұл соңғы ондаған жылда елде орын алған ең ірі табиғи апат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары