$ 444.32  473.33  4.76

Астанада айдың соңына дейін аптап ыстық сақталады

Астаналық жұмыскерлер артық су қоры мен күннен қорғайтын қалпақ дайындап, төзімділік танытуларына тура келеді. Елордада бір жарым жұма бойы аспап ыстық болады, - деп хабарлады Елорда әкімдігінің медиа-орталығы.

Салқын күндер маусымның 28-нен кейін ғана күтіледі, - деді «Қазгидромет» ұзақ мерзімді болжам жасау басқармасының аға инженері Айгүл Мыңжанова Елорда әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне.

Жақын күндері су қоймаларына барып, шомылуды жоспарлағандарға ауа-райы кедергі келтірмейді. Синоптиктер 35 градусқа дейін ыстық болады деп отыр. Демалыс күні жаңбыр жаууы ықтимал. Келер аптаның басында қапырық сәл бәсеңдейді, Ресейден келетін циклон термометр көрсеткішін 30 градустан жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Алайда, артынан іле-шала Қазақстанға Ираннан ыстық ауа массасы келеді. Сол себептен 21 маусымнан кейін сынап бағанасы қайтадан жоғары көтеріледі.

Синоптиктердің болжамы бойынша ең аптап ыстық күндері маусымның 26-27-нде күтілуде. Ол күндері ауа температурасы 39 градусқа дейін жетеді.

Әдетте Қазақстанда ең ыстық ай саналатын шілдеде синоптиктердің алдын-ала болжамы бойынша күн салқын әрі жаңбырлы болады. Ал тамызда қайтадан ыстық күндер күтілуде, температура көрсеткіші нормадан бір градусқа жоғары болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары