Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


20.06.2017, 09:53

Түркімен президенті Рамазан айының құрметіне 1029 сотталушыны түрмеден босатты

Азаттық

Түркіменстанда 1029 жазасын өтеуші бостандыққа шықты. Ресми ақпарат бойынша, рақымшылық мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына орай жарияланған деп жазады centralasian.org.

Рақымшылық туралы президент жарлығына 16 маусымда қол қойылды. Бұған қоса құқыққорғау органдарының басшыларына рақымшылықпен босап шыққандарды жақын уақытта үйлеріне жеткізу тапсырылды.

"Президент Гурбангулы Бердымұхамедов облыстың, қалалардың және басқа да мекемелердің басшыларына түрмеден шыққандарды жұмыспен қамтуды тапсырды", - делінген ресми хабарламада.

Бақылаушылар мен жазасын өтеушілердің айтуларынша, түрмеде отырып келгендердің жұмыс табуы өте қиынға түседі, бұған қоса олар полиция мен жергілікті биліктің қудалауына тап болады.

"Prison policy initiative" ұйымының есебі бойынша, Түркіменстан әлемнің 170 мемлекеті ішінде халық үлесі бойынша сотталғандар саны жөнінен АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.