08.08.2017, 11:10

Астанадан Алматыға ұшқан SCAT ұшағы кері қайтуға мәжбүр болды (ВИДЕО)

Көрнекі сурет

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайдан Алматыға бет алған SCAT әуе компаниясының ұшағы белгісіз ақауға байланысты Астанаға кері қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы аталған рейс жолаушыларының бірі мәлімдеп, болған жайттың видеотүсірілімін WhatsApp мессенджері арқылы таратты.

Аталған ұшақ 8 тамыз күні таңертең сағат 9:10-да әуеге көтерілген. Алайда, көп ұзамай кері қайтты. Жолаушылардың оттегі маскасымен демалып отырғанын видеороликтен анық аңғаруға болады. Ал, пилот болса ақаудың неден шыққанын білмейтінін мәлімдеді.

«Биіктік жүйесінде ақау шықты. Әзірге себебі белгісіз. Мен Астана әуежайына кері қайтуға мәжбүрмін. Түсіністікпен қарауларыңызды сұрап, кешірім өтінеміз», — деді экипаж комиандирі.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.