Атырау облысында екі жеңіл көліктің бетпе-бет соғысуы салдарынан жүргізушілердің екеуі де қайтыс болды деп жазады "Ақ Жайық".
Жол көлік оқиғасы 9 қыркүйек күні Жылыой ауданындағы Құлсары-Теңіз автотрассасында орын алған. Соқтығысқан Kia Rio мен Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Екеуінің де жасы 29-да. Олардан өзге көліктерде адам болмаған.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр екен. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.