$ 444.32  473.33  4.76

Елорданың Ұлттық музейінде «Дәстүрлердің сабақтастығы» көрмесі ашылды

Елорданың Ұлттық музейінде «Дәстүрлердің сабақтастығы» көрмесі ашылды. Ол Қазақстанның замануи сәндік-қолданбалы өнеріне арналған деп жазады Астана әкімдігінің медиа-орталығы.

Көрмеде А.Ахметов, М.Ержанов, А.Бекқұлов, А.Сүлеев, Н.Өтепов, А.Назарқұл, Ю.Буштрук,С.Ищанов, Н.Нұрбатұров, В.Рахманов, Ш.Төлеші сынды заманауи қазақстандық шеберлердің сәндік-қолданбалы өнерімен таныс болуға болады.

Көрмеде ерекше көңіл өткен ғасырдың 70 жылдарында белсенді дамыған  суретті кілемге бөлінді. Қазақстанда суретті кілем өнері кеңінен тараған түрлі сурет және стилистикалық бағыттарға толы.

Көрмеде М. Абдырахмановтың пышақтан жасалған туындысы, Г. Ивановтың алқасы мен білезігі, А. Лапачтың әшекей бұйымдары, сақина мен сырғасы, А. Христованың төсбелгілік әшекейі мен білезігі, Фаберже сыйлығының иесі – Б. Әлібайдың әшекей бұйымдары ұсынылған.

Ұлттық музейдің Қорларды жинақтау, есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Рыскүл Бекталиева  көрменің ашылу салтанатында атап өткендей, бұл шара аталмыш көрменің тұсау-кесері.

«Бүгінгі шараны көрменің тұсау-кесері деп атауымызға болады, бұл негізінен біздің мұражайымыздың қорында сақталып жатқан экспонаттардан құралған алғашқы өзіндік көрме. Ал қор бұл – мұражайдың жүрегі іспеттес. Жиналған тарихи ескерткіштер көрмелік экспонаттардың қатарында орын алғаны Ұлттық музейдің, шығармашылық топтың белсенді қызметінің айғағы», - деді Рыскүл Бекталиева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары