$ 445.66  474.58  4.78

Ақтауда 8-қабаттан секіріп өлмек болған қызды ер азамат қағып алды (ВИДЕО)

Ақтауда бойжеткен қыз өзін өлтірмек болып, көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан секірді. Алайда, төменгі қабатта тұрған екі ер азамат оны қағып үлгерген. Құтқарылған қыз болса әңгімеге келмей қашып кетіпті.

Жоғары қабатта жылап отырған қыздың дауысын көршілердің көбісі естіпті. Алайда, суицид жасайды деп ешкім ойламаған. Тек, өзін жерге тастамақ болып балконнан салбырап тұрған сәтте ғана тұрғындар бас салып көмекке жүгірген. Қызды қағып алған екеудің бірі – Зураб Гандалое.

"Мен қоқыс шығаруға балконға шыққанда қыздың жылаған дауысын естідім. Жоғарыға қарасам тоғызыншы қабаттан қыздың аяғы салбырап тұр екен. Көп ойланған жоқпын, дереу аяғынан шап беріп ұстадым. Оны секірмеуге көндіріп көрмек болып әңгімеге тартып едім, сөйлеспеді. Біреузім оны құтқара алмайтынымды сездім де, дереу көршіні шақырдым", – дейді Зураб.

КӨршісі Қанат Серкебаев та дереу жетіп келіп, көмектесіпті. Егер екі адам болмағанда оны құтқарып қалу мүмкін емес еді дейді Зураб. Өйткені, қыз қолын жіберген сәтте салмағымен төмен қарай екі ер азаматты сүйреп кете жаздаған.

"Зураб шақырғаннан кейін оның үйіне бардым. Қалай басталғаны есімде жоқ. Өйткені, осының бәрі санаулы секундтарда болған жағдай. Ойланып та үлгерген жоқпын, автоматты түрде қызды ұстап үлгердім", – дейді Қанат Серкебаев.

Құтқарылған қыз сөзге келмей оқиға болған жерден қашып кетіпті. Үй тұрғындары болса оны бұл маңайдан бұрын көрмегендерін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео