Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


03.10.2017, 21:45

Алматы іргесінде ұшақ құлап, 5 адам қайтыс болды

Алматы іргесінде санавиацияға тиесілі Ан-28 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 5 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеп отыр.

"3 қазан күні кешкі сағат 19:15-те Алматы облысының Іле аудана қарасты Междуречинск ауылына жақын жерде санавиация ұшағы құлап, артынша өртенген. Ұшақ бортында 5 адам болған, олардың барлығы қайтыс болды", - деді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Қазір оқиға орнында өрт сөндіруші 12 адам мен 3 техника жұмыс істеуде. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, ұшақ шаруа қожалығының жеріне құлаған.

"Құлау кезінде ұшақ электр сымдарына тиіп кеткен. Одан өзге ешқандай нысан қираған жоқ. Қазір оқиға орнында әкімдік қызметкерлері мен Алматы облыстық ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Ан-28 ұшағы 18:35-те Алматыдан Шымкентке қарай ұшып шығып, 18:47-де радардан жоғалып кеткен. Ұшақта екі пилот пен екі медициналық қызметкер болғаны анық. Бесінші адамның кім екені әлі айтылған жоқ. Пилоттардың бірі Қырғызстанның, екіншісі Қазақстанның азаматтары.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.