Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


07.10.2017, 10:45

Өзбекстанда аудан хәкімі облыс басшыларынан ұрыс естігеннен кейін қайтыс болды

Көрнекі сурет

Өзбекстанда мақта теріміне арналған селекторлық жиында Андижан облысы Улугнор ауданының 57 жастағы хәкімі Асылбек Юсупов облыс хәкімі Шухрат Әбдірахмановтан ұрыс естіген. Мұнан кейін Юсупов өз кабинетіне кірген соң аузы мен мұрнынан қан кетіп, есін жоғалтып алыпты. Бұл туралы Азаттық радиосының өзбек қызметі хабарлап отыр.

Аудан хәкімі аурухананың жансақтау бөлімінде үш күн жатып, өзіне келместен көз жұмды. Дәрігерлер оның миына қан құйылып кеткенін айтып отыр. Өлімге күйзеліс пен шаршау себеп болған көрінеді.

Марқұмның әріптестерінің айтуынша, елде мақта теру науқаны басталғанда жергілікті хәкімдердің жүйкесіне үлкен ауыртпалық түседі екен. Юсупов сол ауыртпалықты көтере алмады дейді олар.

Азаттық тілшілерінің мәләметінше, қайтыс болған шенеунік соңғы екі апта бойы мақта терімін ойдағыдай жүзеге асыру үшін демалмай жұмыс істепті. Алайда, жоспарлы көрсеткіш сол күйі орындалмаған. Салдарынан Юсупов басшылық тарапынан ұрыс естіген. Оның артында үш баласы қалды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.