$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қайтыс болды

Алматыдағы Первомайский елді мекенінде жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, зардап шеккендер мен қайтыс болған адам бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне оқиға куәгерлері.

Жол апаты Вокзальной көшесінде №1-үйге қарама-қарсы жерде орын алған. Вокзальный көшесі бойымен қозғалып бара жатқан автобус, белгісіз себептермен қарсы беттегі жол қозғалысына шығып кетіп, "МАЗ" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысады..

Соқтығысу салдарынан автобус жүргізушісі көліктің ішінде қысылып қалып, "жедел жәрдем" келгенше, оқиға орнында қайтыс болады. Оған қоса, бес адам зардап шеккен: жарақаттанған төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды, "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі басынан соққы алғанымен, ауруханаға барудан бас тартқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары