$ 449.58  486.94  4.86

Астанаға тағы 5 мың тонна көмір жеткізілді

Қала әкімдігінің медиа-орталығы хабарлағандай, бүгінге дейін елордаға 46,7 мың тонна жеткізіліпті. Қалада қатты отынның тапшылығын жою үшін жергілікті билік тағы 5 мың тонна көмір сатып әкелген.

«1 қыркүйек 11 қазан аралығында Астана қаласына 50 мың тоннаға жуық көмір жеткізілді. Қаламызға көмір әртүрлі кен орындарынан жеткізілуде. Атап айтқанда, «Майкөбе», «Қаражара», «Богатырь», «Сарадыр» және «Шұбаркөл». Тұрғындар арасында «Шұбаркөл» көміріне сұраныс жоғары», - деп атап өтті Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева.

Оның айтуынша, Астана қаласында көмір тапшылығы жоқ.

«Қазіргі күні кен орнынан артылған 7 мың тонна көмірдің 5 600 тоннасы Астанаға жеткізілді. Және де осы екі күн ішінде тағы 5 мың тонна көмір жеткізіледі. Күн сайын тек осы «Шұбаркөл» көмір түрінен қалаға 1,5 мың тонна жеткізілетін болады», - деді Рысгүл Қауғабаева.

Қала бойынша көмір сататын 15 орын бар. Оның ішінде 7-і ірі сатылым орындары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары