$ 446.49  475.38  4.79

Алматы - Шымкент тас жолында жолаушыға толы автобус аударылып, бір адам қайтыс болды

Жамбыл облысында Алматы - Шымкент бағытында қатынайтын автобус аударылып қалды. Қоғамдық көліктің ішінде 31 адам болған. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан қайтыс болды.

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Айша-бибі ауылының маңында болған.

"Жедел медициналық көмек көрсету үшін 13 санитарлық көлік жіберілді. Үш жолаушыға оқиға орнында көмек көрсетілді. №1 қалалық ауруханаға 28 адам жеткізілді, олардың сегізі ауруханаға жатқызылды, ал 19 адамға көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. 1 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - дейді басқарма өкілдері. 

Оқиға салдарынан 1997 жылы туған 1 адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары