$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда полицейлер көшелерді жауып, күдіктілерді ұстау операциясын жүргізді

Алматы қаласының орталығында жүргізілген арнайы операция барысында қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берген екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық ІІД-не сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, Фурманов көшесі мен Жаңа алаң қоршауға алынған.

Куәгерлер алғашында атылған қару дауысы естілгені туралы әлеуметтік желілерге жазған болатын. Алайда, полицейлер мұны жоққа шығарып отыр.

«Атыс болғаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. ІІД-нің қызметкерлері тарапынан жедел шара жүргізілді, соның нәтижесінде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған екі күдікті қолға түсті»,-деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары