$ 445.66  474.58  4.78

Түркіменстан президенті тағы бір өнерімен түркімендерді таң қалдырды (ВИДЕО)

Бұған дейін талай өнерімен барша түркімен халқын тәнті етіп келген Гурбангулы Бердімұхамедов тағы да ел назарында. Бұл жолы ол Ішкі істер министрлігі сатып алған спорттық көліктердің бірін тізгіндеп, мастер-класс көрсетті.

Түркіменстан басшысы Ашхабадтағы автомобиль спорты орталығына барып, BMW M3 автокөлігінің құлағында ойнады.

«Автодромда мемлекет басшысы жаңа автокөліктердің бірін жылдамдыққа, шапшаңдыққа тексеріп, жүргізушіге қаншалықты ыңғайлы екенін сезінді», — делінген Түркіменстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовті нағыз «сегіз қырлы бір сырлы» деп айтуға болады. Ол өзі ақын, өзі жазушы, өзі сазгер, өзі әнші, өзі шабандоз, өзі құсбегі, өзі жауынгер, өзі спортшы, қысқасын айтқанда нағыз superman!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары