$ 448.15  483.46  4.86

Ақмола облысында аяздан адамдар үсіп өле бастады

Еліміздің солтүстік облыстарына келген қатты аяздың алғашқы құрбандары жайында ақпарат пайда болды. Ақмола облысында суыққа қатып қалған 3 адамның мүрдесі табылды деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, алғашқы жағдай 20 қаңтар күні Щучинск қаласында болған. Күндізгі сағат 15:50-де арықта қатып қалған 1980 жылғы ер адамның денесі табылыпты.

Ал, 21 қаңтар күні тағы да Щучинск қаласында жекеменшік үйдің ауласында суықта үсіп өлген 1967 жылғы әйелдің денесі табылды. Әйел жергілікті тұрғынның үйінде бөлме жалдап тұрғаны анықталды. Сол күні Шортанды ауданының Дамса ауылында көшеде қатып қалған 1954 жылғы ер адамның денесі табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары