$ 447.4  477.55  4.76

Қытайда зообақтағы жыланды иттің тірі күшігімен тамақтандырып отырған (ВИДЕО)

Хэнань провинциясындағы зообақтаққа келушілер жыланды иттің тірі күшігімен тамақтандырып жатқанына куә болады. Адам шошырлық жайтты олар видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген деп жазады Mirror.

Кадрда күшіктің жылан жанында шарасыз хәлде өз өлімін күтіп отырғаны анық көрінеді. Тіпті ол қашуға тырыспайды да.

Ал, екінші кадрда жылан өлі күшікті айнала қоршап жатыр. Оның қарнына зер салсаң, иттің бірнеше күшігін жеп тойып алғанын көресің.

Дәл осы видео мен фото интернетке жарияланысымен желі қолданушылары шу шығарды. Кейін хайуанаттар бағының басшылығы жылан жатқан залдың жеке кәсіпкерге тиесілі екенін мәлімдеген.

«Олар шынымен жыланды күшіктермен тамақтандырып отырған. Бірақ біздің директор оларды бұны тоқтатуға шақырды», – деді зообақтың баспасөз қызметі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары