$ 446.49  475.38  4.79

Туған анасы 3 жасар сәбиін ұрып өлтірген

Қырғыз Республикасының Ош қаласында туған анасы 3 жасар баласын ұрып тастаған. Ауыр соққы салдарынан сәби комада жатып көз жұмды деп жазады Sputnik Қырғызстан.

24 жастағы Ош тұрғыны ұлын ожаумен аяусыз ұрған. Артынша есінен танып қалған баласын ауруханаға әкеп, оның баспалдақтан құлап қалғанын айтады. Бірақ дәрігерлер баланың үстіндегі жарақаттардан күдіктенген.

Тексеру барысында әйелдің кінәсі дәлелденген. Ол қазір қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары