$ 448.15  483.46  4.86

Қазнетті шулатқан әйелдің 3 баласы мен күйеуін тастап, үшінші рет күйеуге шыққаны рас па? (ВИДЕО)

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілер арқылы 65 жастағы әйелдің жас жігітке тұрмысқа шыққаны туралы видео тараған болатын. Артынша бұл ақпараттың жалған екені, әйелдің видеокамераға сәтсіз түсіп қалғаны айтылып, тіпті, Қанат пен Гөзәл есімді ерлі-зайыптының өздері отандық БАҚ-тарға сұхбат беріп, реніштерін жасырмай айтты.

Жә, бұл бөлек әңгіме. Күні кеше редакциямызға осы Гөзәлдің бұрынғы қайынапасымын деп хабарласқан әйел келінінің «былығын» әшкереледі. Айтуынша, Гөзәл үш баласы мен күйеуін тастап, басқа жігітке кетіп қалған. Оның «бұрынғы күйеуім Камаладиннен таяқ жедім» деген әңгімесі де өтірік дейді ол. Көше кезіп, өзге еркектермен жиі сөйлесетіндіктен ескерту жасапты. Алайда, нәтиже шықпаған көрінеді.

«Ол ауру шешесін тастап, 15 жасында тұрмысқа шығып кеткен тасжүрек ана. Енді 3 баласын тастап кетіп отыр. Ертеңгі күні біреуді бақытты қыламын деп ойлай ма?», – дейді өзін Катямын деп таныстырған маңғыстаулық әйел.

Камаладин болса туыс апасының бұл сөздеріне толық келісетінін айтады. «Айына 150-200 мың теңгені қолына әкеп ұстатып отырдым» дейді ол.

«Катя апаның айтып отырғаны шындық. 14 жыл сүйредім. Істеп отырғаны мынау. 3 баланы тасап, құжаттарын ұрлап кетті», – деп ағынан жарылды Камаладин есіді ер азамат.

Камаладин мен Гөзальдің ортақ некелерінен 2, 4, 6-сынып оқитын 3 баласы бар. Күйеуі әйелінің өзіне дейін де отбасылы болғанын айтты. 15 жасында науқас анасын тастап, тұрмысқа шығып, кейін онымен жараса алмай, ажырасып кетіпті.

Ал, Катя апай күні кеше Атырауға Гөзальдің үйіне құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге барып, балаларының құжаттарын қайтарып алыпты. Жағдайларын өз көзімен көріп қайтқан Камаладиннің туыстары келіншектің кең үйден безіп, 1 бөлмелі жатақхананы таңдауына не себеп болағанын әлі күнге түсіне алмай әлек.

Айта кетейік, осыдан 10 шақты күн бұрын Гөзәл мен Қанаттың беташардағы видеосы желіде қызу талқыға түскен болатын. Теларнаға берген сұхбатында Қанат әйелінің бұрынғы күйеуінен көп зәбір көргенін айтып, сәбилерін де өз баласындай бағатынын жеткізген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары