15.02.2018, 16:01

Мойнымнан сүйіп жабысады: Қайын атасы келініне ғашық болып қалған

«Үйленгенімізге жеті жылдың жүзі болды. Қос құлыншағымыз бар. Күйеуіміз екеуіміз әлі 30-ға да жетпегенбіз. Ал қайын атам – 50 жаста. Енем жоқ. Мен келін болып түспей тұрып, дерттен қайтыс болған», – деп өз оқиғасын бастады кейіпкеріміз.

Ғалияның басты мәселесі ол емес. Басты мәселесі күйеуінің әкесінде екен.

«Атамның ішетін жаман әдеті бар. Ащы суға сылқия тойып келген күні мені құшақтап, бетімнен, мойнымнан сүйіп, жабысады. Мен үйде декреттік демалыстамын. Күйеуім жоқта талай ұрыстық та. Жылап та айттым, күліп те айттым. Қояр емес, мені жақсы көретінін де айтты», – не істерімді білмеймін деп мұңын айтты.

Кейіпкер үйде боянып, әдемі болып жүре алмайтынын да жеткізді.

«Күйеуімді боянып, әдемі болып күтіп алғым келеді. Күйеуіме еркелегім келеді. Бірақ, олай жасай алмаймын. Жұбайым күндіз жұмыста, қайын атамнан бәрін күтуге болады. «Неге кетіп қалмайды» дейтін шығарсыздар. Кете алмаймыз! Күйеуім бұл оқиғалардан хабарсыз. Оның жүрегін ауыртқым келмейді. Әрі маған сенетінін не сенбейтінін білмеймін. Не дегенмен әкесі ғой», – деді Ғалия.

Айтпақшы, Ғалияның күйеуінің бөлек тұратын қайнысы мен келіні бар екен. Алайда, атасының таңдауы үлкен ұлына түсіп, шаңырақтан шығармай отырған жайы бар.

«Мұндай сұмдықты күйеуіме қалай жеткізерімді білмеймін. Оны жақсы көремін ғой. Сондықтан жүрегін ауыртқым келмейді. Атамды әйел алдыруға көндіре алмадық. Қалай бөлек шығуға көндірсем болады?», – деген Ғалия біздің редакция арқылы көпшіліктен ақыл сұрады.

Дереккөз: NUR.KZ

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.