$ 447.4  477.55  4.76

Жүргізуші жігіт көлік алдында ойнап отырған кішкентай інісін байқамай басып кетті (ВИДЕО)

Бразилияның Санта-Катарина штатында жігіт көлік алдында ойнап отырған кішкентай інісін байқамай басып кетті.

Көлігінің жүксалғышын жауып, рөлге отырған жігіт темір тұлпардың дәл алдында ойнап отырған інісін байқамай, жүріп кетеді. Видеода көлік астынан шыққан балақайдың орнынан атып тұрып, әкесіне қарай жүргіргені анық көрінеді.  

Калебтің анасы сәбидің далаға шығып кеткенін де байқамай қалыпты. Ол қайнысын жұмысқа шығарып салып, есік алдында күйеуімен сөйлесіп тұрған екен.

«Қайным жұмысына кетіп бара жатып, күйеуімді шақырып алды. Ал ұлымның сыртта болғанын ол жылап келгенде біра-ақ білдік», – дейді Калебтің анасы.    

Дереккөз: life.ru

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары