19.02.2018, 12:12

65 жастағы әйел деп қазнетті шулатқан келіншек 3 баласын қамап, күйеуіне айтпай тұрмысқа шығып кеткені белгілі болды

"34 жастағы жігіт пен 65 жастағы әжейдің үйлену тойы" деп желіні шулатқан жас жұбайлардың басынан дау арылмай тұр. 34 жастағы Гоззал Көшмұратованың бұрынғы күйеуінің туыстары жеңгелерінің күйеуге шығып кеткенін БАҚ беттерінен көрген.

Үш баласын тастай қашып, беташар жасатқан келіншек бұрынғы күйеуінің туыстарын "əкеме барамын" деп алдаған.

"Болатын нəрсе болды. Ол түзелмейді, ертеден солай жүретін адам. Менің ағаммен 14 жыл бірге тұрды. Олардың 2, 4, 6-шы сыныпта оқитын ортақ үш баласы бар. Інім вахтада жұмыс істейді. Үш баланың шешесі жігіт іздеп Атырауға өз аяғымен барып тұр. Күйеуі жұмысқа кеткенде балаларды қамап кеткен. Қалай жүрегі дауалап кетті екен? Аш отырған балалар айқайлап, көршілер арқылы əкелерін шақыртқан. Інім əйелін бір апта іздеп, полицияға арыз жазды", –  дейді Гоззалдың бұрынғы күйеуінің қарындасы Катя Омарова.

Айтуларынша, олар шарқ ұрып іздеп жүрген жеңгелерінің беташарын интернеттен көріп, шалқаларынан түскен.

"Қорлық көрдім" депті. Күйеуінің қойнында жатып, қандай əйел басқа еркекпен сөйлеседі? Жолдасымен бір төсекте жатып, сегіз ай бойына басқа еркекпен сөйлескен. Барлығын тілінен табады", – дейді ол.

Туыстары бауырларының шаңырағы шайқалғанда есеңгіреп қалған. Қазіргі уақытта аналары тастап кеткен үш баланы бағу үшін ауылдан əжесі келіпті.

"Əжесі ауылдан келіп үш баланы бағып отыр. Балалар үшін қиналамыз. Менің ағама да қатын табылар. Үш бала жəутеңдеп қалады. Əйел кетті, енді бала əкесімен қалса дейміз. Ана жақта бір бөлмелі жатақханада тұрса, балаларды қайда апарады? Оның үстіне балалардың не өзінің құжаты жоқ. Қандай əйел екенін осыдан-ақ біле беріңіз. Мен түсінбеймін, біреудің əйелін қатын қылатындай ана еркектің басына не күн туды екен?", – дейді бұрынғы күйеуінің туыстары.

Қазіргі уақытта Гоззал Көшмұратова бұрынғы күйеуімен балаларын бөлісе алмай, дауласып жүр.

Еске сала кетейік, жақында екі жастың беташарындағы видео желіде кезіп кеткен еді.

Дереккөз: NUR.KZ

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.