$ 448.15  483.46  4.86

Дін өкілінің порнофильм көріп отқан сәті видеоға түсіп қалған

Ағылшын шіркеулерінің бірінде жұмыс істейтін дін өкілінің есірткі шегіп алып, порнофильм қараған сәті видеоға түсіп қалды деп жазады The Sun басылымы.

Бейнежазбада көрсетілгендей, дін өкілі Стеннет Кирби өз үйінде досымен бірге есірткі шеккен. Содан порнографиялық видеолар қарап, жезөкше шақырмақ болыпты. Алайда, қалтасында қаражат болмай, ол ойы жүзеге аспай қалған.

Дін өкілі 2007 жылдан бері Вестхэм (Лондон) қаласының шіркеуінде қызмет етіп келеді. Осы жайттан кейін аталған шіркеу өкілдері өз пікірлерін білдіріп, мәселеге бей-жай қарамайтындарын айтып отыр. Яғни тексеру жүргізіп, Кирбиге шара қолданатындарын мәлімдеді.

Айта кетейік, ақпан айында да Супханбури қаласындағы діндардың әйелдер іш киімдерін ұрлап жүрген сәті видеоға түсіп қалып, ол шіркеуден аластатылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары