22.02.2018, 09:00

Денесінен 16 ине табылған нәрестенің жағдайы жақсарып келеді (ВИДЕО)

Денесінен 16 ине табылған сәби туралы ақпарат қаңтар айында тарады. Өзбекстан ауруханаларының біріне ауыр халде 11 айлық сәби келіп түсті. Дәрігерлер 9 сағат бойы ота жасап, сәбидің денесінен 13 инені алып шықты деп мәлімдейді «Өзбекстан-24» арнасы.

Баланың денесінде әлі де үш ине бар. Алайда дәрігерлер қалған үш инені баланың жағдайы тұрақталған кезде алған дұрыс деп отыр.

Қазіргі таңда отадан кейін бір ай уақыт өтті. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы жақсарып келеді. Бала 6 ақпан күні 1 жасқа толған.

Ал баланың денесіне инелердің қандай жолмен түскені белгісіз. Оны құқық қорғау органдары анықтайтын болады. Бір анығы, ата-анасы сәбидің дене қызуы көтерілгендіктен ауруханаға жеткізген.

Дереккөз: Stan.kz.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.