$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбеде медбике науқасқа аузына келгенін айтып, ұрып жіберген (ВИДЕО)

Ақтөбедегі емханада медбике науқасты ұрып жіберді деп жазады Tengrinews.kz.

Желіде медициналық қызметкердің науқаспен дөрекі сөйлескен сәтінде түсірілген видео пайда болды. Науқас, болып жатқан жағдайды видеоға түсіргені медбикенің ашуына тиген секілді. Ол құжаттар салынған папкамен ұра бастаған. Сонымен қатар бейәдеп сөздер айтқан. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға қалалық № 2 емханада болған. 

"Жағдайды теріс қылық деп бағалаймын. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Қажетті шаралар қолданылады", –  деді ведомство басшысы Әсет Қалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары