$ 447.4  477.55  4.76

Суррогат аналар: 28 жастағы жігіт 19 баланың биологиялық әкесі болып шықты

28 жастағы жапон азаматы Мицутоки Шигета бірден 16 балаға әке болу құқығына ие болды. 2014 жылы Бангкок полициясы қымбат пәтерлердің бірінде бала күтушілер қарап жүрген тоғыз сәбиге қатысты шу көтерді.  Олар ДНҚ талдамалары арқылы балалардың әкесі бір адам екенін анықтады. Нәрестелерді күні-түні бала күтушілер қарайды. Олардың ішінде екі апталық  сәбилер мен екі жасқа дейінгі балалар бар.

Кейін Таиландтан тағы төрт нәресте табылып, олардың да әкесі сол жігіт екені белгілі болды. Табылған тоғыз бала мен төрт сәбидің әкесі 28 жастағы жапон жігіті. Оларды суррогат аналар дүниеге әкелген.

28 жастағы Мицутоки миллиардердің баласы. Ол ешкімге үйленбей-ақ көп балалы әке атанғысы келген. Үндістан мен Таиландтағы суррогат аналар бойдақ жігітке 19 бала туып берген. Полиция осы оқиғаға қатысты  жігітті әке құқығынан айырып, адам саудалаумен айналысты деп айыптады.

Осы шудан кейін Таиландтағы 13 бала мемлекет қамқорлығына алынды. Ал Жапонияға кеткен жігіт балаларын өз қамқорлығына алу үшін Таиланд сотына жүгінді.

Сотта көпбалалы әке балаларын асырауға шамасы келетінін айтып, айғақ көрсетті. Байдың баласы сотта дегеніне жетіп, сәбилерін Жапонияға апаруға рұқсат алды. Әкесі оларға бала күтушілер мен медбикелер дайындап, барлық жағдайды жасап қойған.

Айта кетейік, Мицутоки осы күнге дейін үйленбесе де, көпбалалы әкенің қатарында. Оның иелігінде бірнеше компаниялар бар. Жігіт тіпті кейінгі ұрпақтарына сенім қорын ашып, болашақтағы жағдайдың бәрін жасап қойған.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары