$ 448.15  483.46  4.86

ШҚО-да көлік мұз астына түсіп кетіп, бір адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында төрт балықшы мінген көлік мұз астына түсіп кетті, деп жазады sputniknews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға өткен жексенбі күні Зырян ауданында Кремнюха ауылына жақын жерде болған. Мұз астына түсіп кеткен көлікте төрт адам болған. Үшеуі шығып үлгеріпті, біреуі суға батып кетті.

"Оқиға орнына құтқарушылар барып, суға кеткен балықшының денесін алып шықты. Көлік мұз астына түскен жер жағадан 800 метр қашықтықта болған", — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары