$ 443.85  474.3  4.8

Зорланды деген 7 жасар баланы құқық қорғаушылар біраз уақыт бойы анасына бермей қойған (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды делінген 7 жасар баланың анасы да Астанаға келді. Алайда, келіншекке құқық қорғаушылар өз ұлын біршама уақыт көрсетпей қойған. Бұл туралы оның адвокаты Бауыржан Азанов әлеуметтік желі арқылы жолдаған видеоүндеуінде айтты.

"Баланың анасы дәл қазір жанымда. Ол анасы мен әпкесіне берген сенімxаттың күшін жойды. Сонда да бізді балаға жолатпай отыр. Анасы құқық қорғау органдарынан түсініксіз жағдайға жауап беруін сұрап отыр. Біз полицейлер мен прокурорларды шақырдық", - деді заңгер Азанов.

Дегенмен, біршама уақыттан кейін ана мен бала ақыры қауышыпты. Осы істің басы-қасында жүрген Аружан Сайын өзінің Facebook-парақшасында жазғандай, іске Бас прокуратураның өкілдері араласқаннан кейін ғана әйелге өз ұлын қайтарып берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары