$ 449.58  486.94  4.86

«Бұл махаббат емес, әйелдің азабы»: Рим папасы еркектерді жезөкше әйелдерге бармауға шақырды

Рим Папасы Франциск жезөкшелікті азаптаумен бірдей деп танып, сексті сатып алатын барша христиандар үшін әлем алдында кешірім сұрады деп жазады NBC News.

Түнгі көбелектердің қызметін сатып алатын еркектерді понтифик жүйкесінде ауытқуы бар қылмыскер деп атады және олар үшін әйел тек секс үшін ғана қажет дейді ол.

«Бұл махаббат емес, бұл – әйелді азаптау. Сол үшін бұл терминдерді шатастырмайық», – деді Рим Папасы.

Жезөкшелер жайындағы әңгімесін ол Римге арнайы шақырылған 300 жас азаматпен болған кездесуде айтты. Аталған жиын 4 сағатқа созылып, Папа Франциск жастарды шіркеу өкілдеріне көмектесуге, жастар мәселесіне қатысты кеңес беруге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары