$ 448.15  483.46  4.86

16 жастағы қыз кездесуден бас тартқан жігіттің бетіне қышқыл төгіп жіберді

Бангладеш қалаларының бірінде тұратын 17 жастағы Махмудула Хасанның бетіне таныс қызы қышқыл шашып жіберді. Енді оның беті өмірінің соңына дейін тыртық болып қалмақ. 16 жастағы Маруфа есімді бойжеткен болса өзінің бұл әрекетін жауапсыз махаббатпен түсіндіріп отыр деп жазады Daily Mail.

Белгілі болғандай, бойжеткен Махмадуллаға ғашық болып, оған сөзді өзі бірінші болып айтқан екен. Алайда, жігіт онымен көңіл жарастырудан бас тартқан. Бірнеше ай бойы дегеніне жете алмаған Маруфа ақыр соңында жігіттің бетіне қышқыл шашып жіберді. Яғни, «менікі болмасаң ешкімге де бұйырмайсың» деген ұстанымда болыпты.

Полиция кәмелетке толмаған қыз бен оның анасын сол күннің ертесіне ұстап, оларды абақтыға жапты.

Махмадулла болса қазір Бангладештегі ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Оның тек беті ғана емес, оң жақ иығын да күйік шалған. Дәрігерлер бозбала бетінің болашақта қайта қалыпқа келуі екіталай деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары