$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында парапланмен ұшқан ер адам шатқалға құлады

Алматы облысында парапланмен ұшпақ болған ер адам шатқалға құлады деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Республикалық шұғыл құтқару отряды.

Белгілі болғандай, 21 наурыз күні сағат 12:00 шамасында құтқарушыларға Үшқоңыр ауылының маңындағы шатқалға парапланмен ұшқан ер адамның құлағаны туралы ақпарат келіп түскен. 

"7 адамнан тұратырн құтқарушылар тобы мен кинолог оқиға орнына шұғыл аттанып, 1 сағатта оқиға орнына жетсе, тағы 20 минутта құлаған адамды іздеп тапты. 26 жастағы ер азаматқа алғашқы медициналық қызмет көрсетіліп, оны Қаскелеңнің медициналық қызметкерлері алып кетті", - делінген аталған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары