$ 448.15  483.46  4.86

Playboy моделі АҚШ президенті Дональд Трамппен бірнеше рет төсектес болғанын айтты

Playboy журналының моделі Карен Макдугал АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамппен арадағы байланысы жайындай айтып берді. Оның сөзінше, миллиардер екеуі бұған дейін бірнеше рет төсектес болған екен. Жыныстық қатынастан кейін Трамп аруға үлкен сомада ақша ұсынған көрінеді. Бұл туралы Макдугал CNN тілшісі Андерсон Куперге берген сұхбатында айтып берді.

— Төсек қатынасынан кейін ол маған ақша ұсынды. Мен шын айтсам мұны қалай қабылдайтынын түсінбедім. Түрімнің қалай өзгергенін айта алмаймын. Өзімді жезөкше секілді сезіндім, — деді ол.

Модель болашақ президент берген ақшаны алмайтынын айтқан екен. Бірақ, Трамп соған қарамастан жезөкшемен сөйлескендей әсер қалдырған. Сол үшін Карен Макдугал оны кешіре алмаймын деп отыр.

— Мен Трамптың әйелінен кешірім сұрағым келеді. Өйткені, біз төсектес болғанда ол үйленіп қойған болатын. Мен енді күйеуімнің дәл осылай менің көзіме шөп салмауын тілеймін, — деді Playboy журналының моделі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары