$ 448.15  483.46  4.86

Ким Кардашьянға ұқсағысы келген бойжеткен жарты миллион долларға ота жасатқан

25 жастағы бразилиялық Дженнифер Памплона өзінің кумиріне айналған актриса, әрі фотомодель Ким Кардашьянға ұқсау үшін 500 мың долларға операция жасатқан. Өзінің жаңа тәнімен мақтану үшін ол жартылай жалаңаш суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді деп жазады Daily Mail.

Памплона өзінің 4 қабырғасын алдырып тастаған және мұрнына пластикалық ота жасатқан. Бетін тартып, жағын кішірейткен. Сондай-ақ, Ким Кардашьяндікіндей етіп жамбасын үлкейткен. Бірақ мұнымен тоқтамауға бел буған Дженнифер дәрігерлердің ескерутіне қарамастан жамбасын тағы үлкейтікісі клетінін жасырмайды.

«Егер өз-өзіңе көңілің толмаса, қолыңнан ештеңе де келмейтіні анық. Ал, мен қазіргі түр-әлпетіме сүйсінемін. Айнаға қараған сайын өзімді жақсы сезінемін. Егер осы уақытты қайта айналдырса, мен бәрібір тура осыны жасайтын едім. Енді бизнесімді ары қарай жалғастырып, жаңа карьералық жолымды қалыптастыруым керек», - дейді ару.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары