$ 449.58  486.94  4.86

Қырғызстанда адамдар итті зорлаған

Бішкекте белгісіз біреулер көшедегі қаңғыбас итті әбден ұрып-соғып, тікелей мағынада зорлап тастаған. Бұл туралы жергілікті Kaktus.media порталы жазды.

Итті «Добрые руки» қорының мамандары тауып алып, емдеуге кірісіп кеткен. Ветеринар дәрігердің айтуынша, алғашқыда жануардың жағдайы өте ауыр болыпты. Тексеру барысында оның зорланғаны белгілі болған.

«Итті аяусыз зорлаған. Тік ішегін тексеру барысында дәрігер одан адам ұрығын тапты. Үш аяғының бірдей сынғанына қарағанда итті байлап зорлаған. Ит аяғын жұлып алғандықтан, саусағына зақым келген», - дейді «Добрые руки» қорының директоры Лариса Слободская.

Тік ішегінен жарақат алған иттің іші жүрмей қалған екен. Қазңр жануарға барлық ем-домды жасалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары