$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстан халқының саны 18,2 миллион адамға жетті

2018 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқының саны 18 млн 195,9 мың адамды құрады деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Аталған ведомство мәліметінше, 2018 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18195,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 10452,3 мың (57,4%), ауылдықтар - 7743,6 мың адам (42,6%). 2017 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,3 мың адамға немесе 1,3 пайыз өсті.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа дейінгі 587 (2017 жылғы қаңтар-ақпан - 541) нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 8,5 % кеміді. 2018 жылғы қаңтар-ақпан нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,31 (8,86) құрады.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы  қаңтар-ақпан 261 (260) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 44,5 пайызын (48,6%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 138 (122) немесе 23,5% (22,6%), тыныс органдары ауруларынан - 53 (40) немесе 9,0% (7,4%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 23 (40) немесе 3,9,% (7,4%) нәресте қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары