$ 448.89  477.93  4.76

Былтыр Қытайдың 30 мың азаматы Қазақстан азаматтығын алған

Былтыр Қытайдан келген 30 мыңнан астам адам Қазақстанның азаматтығын алған. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон полициясы комитетінің басшысы Сабыржан Сейітжанов мәлімдеді.

"2017 жылы 30 мыңнан астам өтініш қабылданды, олардың 25 мыңнан астамы жеңілдетілген тәртіпте өткізілді. Бұлардың бәрі оралмандар. Бәрі де халықаралық конвенцияның негізінде елге келген. Мен сеніммен айта аламын, азаматтық алғандардың бәрі этникалық қазақтар, бөтен ұлт жоқ араларында", - деді Сабыржан Сейітжанов Мәжілістегі отырыстан кейін.

Ал, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың атуынша, алыс шетелдерден келген еңбек мигранттарының саны бүгінде 650 мың адамға жетіпті. Олардың басым көпшілігі Түркия мен Қытай азаматтары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары