$ 443.85  474.3  4.8

Атырауда аудандық аурухананың бір корпусы апатты жағдайда тұр

Атырау облысы Махамбет ауданындағы аурухананың қабырғасында жарық пайда болып, бір корпус қауіпсіз жерге көшірілді деп жазады Казинформ.

«Аурухана ғимараты 2011 жылы тұрғызылған. Корпус қабырғасында алғашқы жарықтар 2017 жылы пайда бола бастаған еді. Осы жылдың наурыз айында сол жарықтардың көлемі ұлғайып, отбасы денсаулығы орталығы жабылды. Қазір күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы сөз қозғалып жатыр», - дейді Махамбет аудандық аурухана директоры Ерлан Сүйіғалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары