$ 443.85  474.3  4.8

Ер адам жыныстық қатынасқа түскісі келмеген жас әйелін ұрып өлтіріп қойды

Егде тартқан британдық еркек әйелін жыныстық қатынасқа түскісі келмегені үшін өлгенше сабап өлтіріп тастаған деп жазады Nur.kz.

Жаңа жыл қарсаңында ерлі-зайыптылар екі баласымен әйелдің әке-шешесінің үйіне қонаққа барған. Мереке кешінде 51 жастағы Кевин Смитэм алкогольдік ішімдікке мас боп қалыпты. Кештен соң ол 29 жастағы әйелімен жыныстық қатынасқа түскісі келген. Бірақ әйелі оған қарсылық білдіреді. Сол уақытта ашуға булыққан Кевин қызбалықпен қызға жұдырығын ала жүгірген.

Ертесінде бір қабатты үйдің алдында жатқан келіншектің өлі денесін көршілері көреді. Олар бірден полиция шақырған. Кевин құқық қорғаушыларға әйеліне жиі қол көтергенін бірден мойындады. Қазір ол қамауда отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары