$ 447.4  477.55  4.76

Астанада ҰҚК-де жұмыс істеген ер адам әйелін 25 рет пышақтап, өзі балконнан секіріп өлді

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген ер адам әйелін 25 рет пышақтап, өзі балконнан секіріп өлді деп жазады NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 17 сәуір күні Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бейресми мәліметтерге сәйкес, ер азамат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде көлік жүргізген, бірақ комитеттің сапында қызметкер болмаған. Бірақ, ол осынау қайғылы оқиға болардан 10 күндей бұрын өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті.

«Ол әйелінен көзіне шөп салды деп күдіктеніп, ашумен 25 рет пышақ ұрған. Сосын өзі де балконнан секіріп кеткен. Екеуі де қайтыс болды. Олардың артында 2 кішкентай бала қалды. Күні кеше екеуінің денесін ОҚО-дағы туған жеріне алып кетті. Енді сол жерде жерленбек», – деп мәлімдеді ақпараттық агенттіктің дереккөзі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары