20.04.2018, 15:52

Астанада жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін букмекерлік кеңседе болған

Полиция қызметкерлері 12 сәуір күні  жоғалып кеткен үш баланың ата-анасы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаеваны тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Астана Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

«Жедел іздестіру шараларының арқасында жоғалған адамдардың қайда жүргені анықталды. Қазір ата-аналар аумақтық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазір олардың жоғалу себептері нақтыланып жатыр», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер ата-аналарға қатысты заңғы қайшы ешқандай іс-әрекеттердің жасалмағанын анықтады. Өздерінің түсіндіруінше, олар букмекерлік және компьютерлік клубтарды аралап жүрген.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада тал түсте үш баланың ата-анасы - 32 жастағы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаева жоғалып кеткен болатын. 12 сәуір күні сағат 14.00-де балалардың анасы үйінен шығып, ортаншы қызын «Айгөлек» дамыту орталығына апарған, содан бері олардан хабар болмаған. Үйдің отағасы да дәл сол күні сағат 11.00-де із-түзсіз кеткен.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.