$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент әкімдігі ғасырдан астам тарихы бар «Түркістан» моншасын бұзып жатыр

Шымкентте 1 ғасырдан астам уақыттан бері тұрған «Түркістан» моншасын бұзып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазір жұмысшылар моншаның төбесін ашуға кірісті. Ғимараттың иесіне өтемақы төленген», - дейді қала әкімдігінің өкілдері.

Айта кетейік, ХІХ ғасырдың екінші жартысында салынған монша Түркістан көшесіндегі ең көне ғимарат еді. Оны бұзу жоспары 2014 жылы құрылған болатын. Сол кезде моншаны бұзу Қонаев даңғылын ұзарту үшін қажет екені айтылған. Сәулеткерлер осы орталық көшені Ақтас шағын ауданына дейін ұзартпақ. Әкімдік баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ол үшін Ескі қала ауданындағы 73 тұрғын үйді бұзуға тура келеді. Қазірге дейін соның 33-інің иесіне өтемақы төленген.

Шымкентте 1 ғасырдан астам уақыттан бері тұрған моншаны бұзып жатыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары