$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда шаштараз өртеніп, 15 жасар қыз зардап шекті

Өрт салдарынан 15 жасар қыз бала улы газдан зардап шекті.

Алматыда Саин көшесінің бойындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараз ішінде өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараз салонының ішінде тұтанып, 20 шаршы метрге жерге жайылған. Өрт сөндірушілер  арнайы баспалдақтар арқылы жоғары қабаттан 59 адамды , оның  ішінде16 баланы құтқарды. Жалпы алғанда баспалдақтың көмегімен 81 адам төмен түсірілді", - деп атап өтті ТЖК-нің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ өрт салдарынан 2003 жылғы қыз бала уланып, ауруханаға жеткізілді.  Өрт 20 мамырда сағат 22.07-де ауыздықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары