$ 447.4  477.55  4.76

Ақтауда кішкентай қыз 5-қабаттан құлап кете жаздады (ВИДЕО)

Ақтауда кішкентай қыздың 5-ші қабат терезесінің алдына шығып ойнап жүрген сәтін куәгерлер видеокамераға түсіріп алған. Видеокадрлардан терезенің ашық тұрғанын анық көруге болады.

Видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі aktau.911 парақшасында жарияланған. Оқиғаның нақты қай күні болғаны айтылмаса да, 13-шағынаудан екені жазылған. Видеоға тіркелген жазбада баланы құлап кетуден студенттердің айқайы сақтады дейді.

Видеокадр сыртында бірнеше адамның қызға "Кет" деп айқайлап жатқаны анық естіледі. Мұнан кейін кішкентай қыз терезеден түсіп, ары қарай ойнап кеткен. Видео авторларының айтуынша, бұл сәтте үйде ешкім болмаған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары