22.05.2018, 23:10

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді

Тәжіктің діни қызметкерлері Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға кеңес берді. Тәжікстан Ислам орталығы Үлемдер кеңесінің шешімі діни қызметкерлер делегациясының Рогун ГЭС-іне сапарынан кейін қабылданды деп жазады centralasian.org.

Тәжікстан ислам орталығы Үлемдер кеңесі төрағасының орынбасары Усмонали Нуровтың 21 мамырда хабарлауынша, бұл фетваны муфти Саидмукаррам Абдулкодирзода шариғат заңдары негізінде шығарған.

"Құрылыс алаңдары мен тоннелдерді барып көрген уақытта, мұндай жағдайда ораза ұстау мүмкін емес екендігін түсіндік. Аптап ыстық, түтін, ауыр жұмыс... Жұмысшылардың дені 300 метр тереңдікте ауыр жағдайда жұмыс істейді. Фетва бойынша, құрылысшылар оразаны ыңғайы келген уақытта ұстай алады", - деді Усмонали Нуров.

Рогун ГЭС-інің құрылысында шамамен 20 мың адам жұмыс істейді. Олардың көпшілігі вахталық әдіспен 15 күн ауысып тұрады. Үлемдер кеңесі қалған 15 күнде ұсталмаған ораза күндерін өтеуге болады, бірақ ол келесі Рамазан айына дейін өтелуі керек деп отыр.

Рамазан айында ораза ұстау - Исламда бес парыздың біріне жатады. Бір айдың ішінде діндарлар күннің атысынан батысына дейін тамақ жемейді, су ішпейді, жыныстық қатынас жасамайды, жаман сөз айтпайды, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.