23.05.2018, 09:14

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді

Павлодарда өрт шыққан бір бөлмелі пәтерден үш адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға кеше сағат 20.54-те орын алды. Қатаев көшесі, 11 үйдің бір бөлмелі пәтерінде кір жуу машинасы тұтанып, киімдер жанған. Сол уақытта үйде болған 39 және 47 жастағы ер адам мен 36 жастағы әйел төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен саты арқылы сыртқа шығарылды, - деді департаментте.

Салдарынан ысты газбен уланған үш адам жедел жәрдем көлігімен №1 қалалық ауруханаға жеткізілген, алайда медициналық көмектен бас тартқан.

Өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан шыққан. Қазіргі таңда қызыл жалынның келтірген шығын көлемі анықталуда.

Қызыл жалын 10 шаршы метр жерге тараған. Үйдегі 75 адам сыртқа құтқарушылардың көмегінсіз шыққан. Оның 25-і - бала.

Тілсіз жауды ауыздықтауға бес өрт сөндіру машинасы мен 18 өрт сөндіруші жіберілген.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.