$ 449.58  486.94  4.86

БҚО-да зейнеткер әйел бедеуліктен емдеймін деп алдап, науқастардың 3 миллион теңгесін қолды еткен

БҚО-да бедеуліктен емдеймін деп алдап, науқастардың ақшасын жымқырып келген алаяқ әйел ұсталды деп жазады BNews.kz. Күдіктінің үстінен бірнеше әйел ішкі істер органдарына арыз түсірген.

«Затон полиция бөліміне бедеуліктен емдеймін деп ақша алған алаяқтың үстінен бірнеше арыз келіп түсті. Бұрын сотталған 57 жастағы зейнеткер 2017 жылдың қаңтар айынан бастап осы жылдың сәуіріне дейін науқастарды бедеуліктерінен емдеймін деп алдап, көлемді қаражат алып келген. Қазіргі кезде жәбірленушілерден алаяқ әйелдің берген дәрілері алынып, олар тексеруге жіберілді», - делінген облыстық ІІД таратқан мәлімдемеде.

Жәбірленушілерден зейнеткер осы күнге дейін 3 миллион теңге қаражат алып үлгеріпті. Тексеру барысында алаяқ әйелдің 8 қылмысқа қатысы бары анықталған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлер алаяққа алданып қалған өзге де жәбірленушілердің бар-жоғын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары