$ 448.89  477.93  4.76

Ұйғырлар Түркиядағы Тайланд елшілігіне басып кірді

8 шілде күні түнде Түркиядағы ұйғыр диаспорасының өкілдері Стамбұл қаласында орналасқан Тайланд елшілігінің ғимаратына шабуыл жасады деп хабарлайды Reuters.

Таспен және ағаштармен қаруланған ұйғырлар алдымен ғимараттың терезесі мен есігін сындырып, кейін ішіне басып кірген. Олар елшілік ішіндегі заттарды қиратып, Тайланд үкіметін жария түрде айыптады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұзақылық әрекет жасағандардың саны да әлі белгісіз.

Ұйғырлардың мұндай әрекетке баруына Тайланд үкіметінің 97 ұйғыр босқынын Қытайға қайтару туралы шешімі себеп болып отыр. Тағы 50 ұйғыр әлі де болса Тайландта қалды. Өйткені олардың азаматтығы анықталмаған дейді Тайланд үкіметінің өкілдері. Олардың айтуынша, ай басынан бері Түркия азаматтығы бар 173 ұйғыр елден шығарылған.

Ал, әлемдік құқық қорғау ұйымдарының өкілдері болса Бангкоктың бұл шешіміне наразылықтарын білдіріп отыр. Айтуларынша, ұйғырлар онсыз да Қытай үкіметінен көптеген қыспақ көріп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары